"Астана LRT" орталық кассасының мекенжайы өзгерді

31 қазан, 2018, 15:29 2263 Астана

6 терезеге тағы 4 қызмет көрсету терезесі қосылмақ.

"Астана LRT" ЖШС орталық кассасы қызмет көрсету терезелерінің санын көбейтеді. 6 терезеге тағы 4 қызмет көрсету терезесі қосылмақ, осылайша 10 техникалық қызмет көрсету терезесі жұмыс істейтін болады, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

12 қарашадан бастап орталық кассаның мекенжайы өзгертіледі. Жаңа мекенжай Қошқарбаев көшесіндегі 50/1 үйде орналасқан. Қаланың бұл аумағы көліктік қамту тұрғысынан тиімді.

Қоғамдық көліктің 8 бағдары, оның ішінде 6 қалалық және 2 экспресс-маршруттар қатынайды. Бұл бағдарлардың қозғалысы қала тұрғындарының негізгі қоныстанған аймақтарын, тұрғын үй кешендерін және халықты барынша қанағаттандыру үшін тасымалдау пункттерін қамтиды. Жаңа кеңсенің ауданы бұрынғы кеңсеге қарағанда әлдеқайда үлкен және көптеген артықшылықтары бар.

Естеріңізге сала кетейік, "Астана LRT" ЖШС-нің орталық кассасында қолма-қол қаражатты қайтаруды жүзеге асыруға болады. Сондай-ақ, жеңілдігі бар және оқушылардың мектеп карталарын жаңадан алуды жүзеге асыруға болады. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар