Astana LRT-да жүргізушілердің ереуілі туралы ақпаратты жоққа шығарды

19 қазан, 2018, 15:46 3577 Астана
Astana LRT-да жүргізушілердің ереуілі туралы ақпаратты жоққа шығарды

Астанадағы қоғамдық көліктердің кешігуі жолдағы көктайғаққа байланысты.

Елордадағы автобустар ауа райының қолайсыздығына байланысты жол жүру кестесінен артта қалып жатыр. Бұл туралы "Astana LRT" өкілдері компанияның Facebook-тегі ресми парақшасында мәлім етті, деп хабарлайды BNews.kz.

"Құрметті елорда тұрғындары! Бұқаралық ақпарат құралдарында және әлеуметтік желілерде қоғамдық көлік жүргізушілерінің ереуілдері туралы ақпарат таратылуда. Ресми түрде бұл ақпарат шындық емес екенін мәлімдейді. Біз барлық тасымалдаушылармен байланысып, диспетчерлік қызмет арқылы тексеріс жүргіздік, жоспар бойынша барлық автобустар әдеттегідей линияда", - делінген хабарламада.

Сондай-ақ, компанияның мәліметінше, қалада ауа райы жағдайларына байланысты жолдарда көлік құралдарының жылдамдығының төмендеуі байқалады. Осы себепті, кейбір автобустар кестесінен артта қалып жатыр, сондықтан интервал аралығында шамалы өсім байқалады.

"Құрметті қала тұрғындары, сіздерден жүргізушілердің ереуілі туралы жалған ақпаратты таратпауларыңызды сұраймыз. Тек ресми расталған ақпаратқа сеніңіздер!", - деп түсіндірді Astana LRT-да.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар