"Астана LRT" орталық кассасының жұмыс кестесі өзгерді

13 Ноября, 2018, 12:24 1948
"Астана LRT" орталық кассасының жұмыс кестесі өзгерді |  | BNews.kz

Енді олар сенбі күні де жұмыс істейді.

"Астана LRT" ЖШС-нің орталық кассасы енді сенбі күні де қызмет көрсетеді, деп хабарлайды BNews.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.  

"Құрметті жолаушылар! Орталық касса енді сенбі күні де қызмет көрсетеді. Сіздерді Қошқарбаев көш. 50/1 мекен-жайы бойынша жаңа кеңседе күтеміз", – делінген хабарламада.

Естеріңізге сала кетейік, "Астана LRT" ЖШС-нің орталық кассасында жеңілдігі бар және оқушылардың мектеп карталарын жаңадан алуды, жаңартуды, сондай-ақ картаны толтыруды жүзеге асыруға болады.

Жұмыс кестесі: дүйсенбі-сенбі, сағат 09:00-ден 18:00-ге дейін, үзіліссіз. 

Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13934

Похожие новости