Астана маңындағы қорғанда қазба жұмыстары жүргізілуде

30 шілде, 2018, 17:22 1832 Астана
Астана маңындағы қорғанда қазба жұмыстары жүргізілуде

Қорымнан сақ дәуіріне жатуы ықтимал сол заманның әшекей бұйымдары табылды. Олар - сырға, жүзік, айна мен белбеудің қалдықтары.

"Рухани жаңғыру" мемлекеттік бағдарламасы аясында елорданың жанындағы патша қорғанында қазба жұмыстары жүргізілуде, деп хабарлайды BNews.kz тілшісі. Мамандардың пікірінше, бұл қорған сақ дәуірінде де тіршіліктің болғанына дәлел бола алады.

Астана қаласы әкімдігінің бастамасымен елорданың жанындағы патша қорғанында қазба жұмыстары қолға алынды. Археологтар екі апта бойы тынымсыз еңбек етуде. Зерттеу жұмыстары барысында қорғанның жоғарғы қабатындағы бастапқы 7 қабір (яғни, ең ертедегі) ашылды. Жерлеу рәсімі бойынша зираттар 15-16 ғғ. жатқызылды.

"Осы қорым 2005 алғаш рет қазылған. №1 қорым қазылды. Археологтар оның тоналғанын анықтады. Одан ешқандай құнды жәдігерлер табылған жоқ. Бірақ осы жылы "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында Астана қаласы әкімдігінің тапсырысымен екінші қорғанды қазып жатырмыз. Ерте темір дәуірі деп болжап отырмыз. Сақ дәуіріне жататын жәдігерлерді таптық", - дейді К.Ақышев атындағы археологиялық ғылыми-зерттеу институтының аға-ғылыми қызметкерлері, Л.Гумилев атындағы Еуразия Ұлттық университетінің Тарих факультетінің оқытушысы Данияр Тілеуқабылов.

Қорым мұсылман дәстүрімен жасалған. Екі моладан табылған әшекейлер арасында қола сырға мен күміс жіп те бар. Ал қыздың қабірінен неке жүзігі табылды. Ол оны оң қолына киген екен.

Қорған Қарағандыға баратын жолда Күйгенжар шатқалында орналасқан. Қазіргі кезде сақтар қорғанының шетінде қазақ зираты бар.

"Шашамен үшінші апта осы қорымды қазып жатырмыз. Осы жерден археолагтар адамдардың қаңқа сүйектерін тапты. Сонымен қатар жүзік, сырға, айна қалдықтары табылды. Бұл жердегі қорғанның хронологиясы шамамен 2 мың жылды қамтиды. Бұл сақ мәдениетінің кезеңі. Ол ерте темір дәуіріне жетеді. Қазіргі таңда біз сараптама жұмыстарын италиялық ғалымдарымен бірігіп жүргізіп жатырмыз. ДНҚ сараптасын жүргізу қажет, - дейді К.Ақышев атындағы археологиялық ғылыми-зерттеу институтының аға-ғылыми қызметкері.

Таспен жабылған қорғанның биіктігі 4 м, диаметрі – 60м. Оның гранит плиталары Нұра өзенінің жағасынан алынғаны белгілі.

Қорымды зерттеу жұмыстарын Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы үйлестіріп отыр, ал қазба жұмыстарын Л. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінің Есіл археологиялық экспедициясы жүргізеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар


Материалды әзірлегендер: