Astana Media week: Қазақстанның медиа саласын қайта жүктеу - Жаңалықтар | BNews

Astana Media week: Қазақстанның медиа саласын қайта жүктеу

09 қазан, 17:57 1349 Астана
Astana Media week:  Қазақстанның медиа саласын қайта жүктеу

Бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде ҚР Ақпарат және коммуникациялар вице-министрі Алан Әжібаев, "Қазмедиа орталығы" басқарушы компаниясы Бас директорының стратегиялық даму және xалықаралық ынтымақтастық жөніндегі орынбасары Ерлік Қаражан және "Қазмедиа орталығы" басқарушы компаниясы PR және маркетинг бөлімінің басшысы Айбол Арынғазиновтың қатысуымен «Astana Media week:  Қазақстанның медиа саласын қайта жүктеу» тақырыбы бойынша баспасөз маслихат өтті.

Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің тапсырысымен «Қазмедиа орталығы» ұйымдастырған «Astana Media Week» қазақстандық медиа-аптасы 2017 жылғы 4-6 қазан аралығында «Қазмедиа орталығы» халықаралық медиа-хабының аумағында өткізілді.

Медиа-аптаның ашылу салтанатында, Қазақстан Республикасы Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев: «Біздің апта дәстүрлі оқиғаға айналатынына, жыл сайын тек қана Қазақстанның ғана емес, сонымен қатар барлық өңіріміздің журналистері, медиа холдингтері, БАҚ және салалық министрліктері арасында тығыз серіктестік байланыстар құруда маңызды рөл ойнайтынына сенеміз. Стратегиялық тұрғыдан біз осы керемет «Қазмедиа орталығы» ғимаратының негізінде орташа мерзімді перспективада өңірлік медиа-хаб құруды мақсат тұтамыз»,- деді.

Медиа-аптаға ұйымдастырылған 10 іс-шараның шеңберінде 2000-нан астам қатысушылар мен 103 спикер жиналды.

Медиа-апта аясында 2017 жылғы 4 қазанда медиа саласының қатысушылары үшін «Контент-маркет» көрмесі өтті. Іс-шараға 25 республикалық және аймақтық телеарна, сондай-ақ еліміздің барлық өңірінен 100-ден аса продакшн-компаниялар қатысты. Жаңа телебағдарламаларды, реалити-шоуларды, мультфильмдерді, көркем және деректі фильмдерді ұсыну үшін питчинг ұйымдастырылды. Онда продакшн-студиялар инвесторлар мен сатып алушыларды табу мақсатында өздерінің эксклюзивті бейне контенттерін ұсынды.

Фото: ОКҚ баспасөз қызметі

Қазақстандық БАҚ, кино- және продакшн-студиялардан басқа «Контент-маркетке» құрметті қонақтары ретінде 7 шетелдік делегация келді.

Сонымен бірге, медиа-аптаның бірінші күнінде Media Talks талқылау алаңының жұмысы өтті. Онда 7 спикер бейресми қалыпта өздерінің жетістіктерінің хиқаясы туралы айтып, кәсіби құпияларымен саланың қалыптасқан және жаңа бастап жүрген жұмыскерлерімен бөлісті.

2017 жылғы 5 қазанда ASTANA DIGITAL FORUM-ы өтті. Халықаралық конференцияға 23 спикер және әр саланың 300-дей өкілі жиналды.

2017 жылғы 5 және 6 қазанда Ақпарат және коммуникациялар министрлігінің тапсырысымен «Бас редакторлар клубы» ҚҚ, «Ел-шежіре» ҚҚ аймақтық БАҚ өкілдері үшін 8 семинар және тренинг ұйымдастырды.       

2017 жылғы 6 қазанда «Аймақтық БАҚ форумы» өтті. Онда медиа саласының беделді сарапшылары медиа-контент сапасын көтеру мәселелерін, сонымен қатар БАҚ саласындағы заңнаманы талқылады. «Аймақтық БАҚ форумының» жұмысына барлығы 20-дан астам белгілі спикер мен еліміздің түкпір-түкпірінен 400 журналист қатысты.

Сонымен бірге 6 қазанда ең үздік баспасөз қызметін марапаттау рәсімі өтті.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

`

Серіктестер жаңалықтары