Астана мен Ақмола облысында бұршақ аралас жаңбыр жауады

12 маусым, 2018, 16:27 1860
Астана мен Ақмола облысында бұршақ аралас жаңбыр жауады

Аталған аймақтарда дауылды ескерту жарияланды.

13 маусым, сәрсенбі күнге Астана мен Ақмола облысында дауылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды BNews.kz Қазгидрометке сілтеме жасап. 

"13 маусым күні Ақмола облысында кей жерлерінде солтүстіктен, солтүстік-батыстан 15-20 м/с жел соғады. Күндіз облыстың кей жерлерінде қатты жаңбыр жауады, найзағай түсуі, дауыл күтіледі, бұршақ жаууы ықтимал", - делінген таратылған хабарламада.

Астанада 13 маусымда күндіз найзағай күтіледі. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 85-90%.

Еске сала кетейік, синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстан территориясына салқын, дымқыл ауа түседі деп болжаған болатын. Соның салдарынан республикамыздың басым бөлігінде найзағай ойнап, жаңбыр жауады, ауа райы құбылмалы болады деп күтілуде.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ақмола облысы #ауа райы #Қазгидромет #найзағай

Читайте также

Похожие новости