Астана мерейтойына орай БАҚ арасында байқау жарияланды - Жаңалықтар | BNews

Астана мерейтойына орай БАҚ арасында байқау жарияланды

14 маусым, 16:22 3002 Астана
Астана мерейтойына орай БАҚ арасында байқау жарияланды

Байқауға өтінімдер мен материалдар 28 маусымға дейін қабылданады.

Астана қаласының Тілдерді дамыту және архив ісі басқармасы "Тіл маржаны" атты БАҚ өкілдері арасында байқау жариялайды, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Іс-шараның негізгі мақсаты – Астана қаласының 20 жылдығы және "Рухани жаңғыру" бағдарламасын насихаттау жолында бұқаралық ақпарат құралдарында жарияланған материалдарды саралап, үздік авторларды марапаттау. Байқаудың Астананың 20 жылдығы, "Рухани жаңғыру" бағдарламасы, Мемлекеттік тілді насихаттау тақырыптарын қамтиды.

Журналистер  - Үздік радиобағдарлама, радиожоба, Үздік телебағдарлама,тележоба, ·Үздік мақала (газет, журнал), Үздік сайт мақала, ·Үздік бейнеролик, Үздік қысқа метражды фильм атты 6 аталым бойынша марапатталады.·

Байқауға өтінімдер мен материалдарды 28 маусымға дейін baq_20@mail.ru электронды поштасына жолдау қажет.

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімі 3 шілдеде өтеді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары