Астана Опера сахнасында "Богема" спектаклі қойылады

03 қаңтар, 2019, 15:53 3076 Астана
Астана Опера сахнасында

Опера әлемінде ең танымал туындының либреттосын жетекші солистер орындайды.

Өнер сүйер қауым Вена консерваториясының түлегі Мәдина Исламованың дебюттік ойынын тамашалай алады, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.

"Халықаралық байқаулардың лауреаты, сопрано Мәдина Исламова тыңдармандарға "Богема" опералық спектакліндегі ең басты бейнелердің бірін өз интерпретациясында ұсынады. Мюзетта рөлінде сахнаға шығу  әртіске  өз қабілетін вокалдық шеберлік  тұрғысынан ғана емес, драмалық әртіс ретінде де ашуға мүмкіндік береді. Кейіпкердің мінез-құлқы сан қырлы: назды, жеңілтек, ерке, қыңыр, алайда соған қарамастан  шынайы, мейірімді, пысық, қажырлы Мюзетта қиын жағдайда шыдамдылық пен табандылық  танытады", - делінген "Астана-Операның" хабарламасында.

Опера әлемінде ең танымал туындының либреттосын А.Мюрженің "Богема өмірінен көріністер" романы бойынша Джузеппе Джакоза мен Луиджи Иллика жазған болатын. Басты партияларды "Астана Опера" жетекші солистері – Айгүл Ниязова, Медет Шотабаев, Сүндет Байғожин, Евгений Чайников, Шыңғыс Расылхан, Талғат Ғалеев, Болат Есімханов, Бейімбет Таңарықов, Нұрлыбек Қоспармақов орындайды.

"Астана Опера" симфониялық оркестрі мен хоры дирижер Джузеппе Акуавиваның (Италия) жетекшілігімен өнер көрсетеді.  Қоюшы режиссер  – Юрий Александров, режиссер – Наталья Кагадий, бас хормейстер – Ержан Дәуітов, балалар хорының жетекшісі – Алтынғаным Ахметова. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар