"Астана Операда" әлемдік опера жауһарларының әуендері ерекше өңдеумен орындалады

13 Декабря, 2018, 12:22 1953
"Астана Операда" әлемдік опера жауһарларының әуендері ерекше өңдеумен орындалады |  | BNews.kz

Қонақтардың назарына камералық музыканың атақты үлгілері, әлемдік опера жауһарларының ариялары, дуэттері мен көріністері, қазақстандық композиторлардың шығармалары ұсынылады.

19 желтоқсанда "Астана Операның" Камералық залында театр опера труппасының жарық жұлдыздары мен керемет аспапшыларының қатысуымен "Әр нотада шабыт бар..." вокалдық-аспаптық музыка концерті өтеді, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.

Тыңдарман қауымға өз өнерін "Астана Операның" жетекші солисі, Башқұртстанның еңбек сіңірген артисі Альфия Каримова (сопрано) паш етпек. Сонымен қатар, музыкалық кеште опера труппасының жетекші солисі, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері Сүндет Байғожин (баритон), симфониялық оркестр музыканттары Алексей Косырев (флейта), Любовь Ткаченко (арфа) өнер көрсетеді. Фортепиано партиясында – Мәдениет қайраткері Елена Сахно.

Қонақтардың назарына камералық музыканың атақты үлгілері, әлемдік опера жауһарларының ариялары, дуэттері мен көріністері, қазақстандық композиторлардың шығармалары ұсынылады.

Классик композиторлардың танымал туындылары флейта, арфа және фортепианоға арналған ерекше өңдеуде орындалады. Бұл – концерттік бағдарламаларда сирек шырқалатын айрықша туындылар.

Концерт сағат 19:00-де басталады.


Рекомендуем
Димаш Құдайберген "The World's Best" шоуында америкалық тыңдармандарды таңдандырды 13936

Похожие новости