Астана прокуратурасы "Юго-Восток" ТК салушыларынан 167 млн теңге өндіруге көмектесті

17 қазан, 2018, 15:28 1683 Астана
Астана прокуратурасы 

Астана қаласының қылмыстық қудалау органдары "Юго-Восток" тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтамаған "Инженерно-сервисная компания" ЖШС-ның басшыларына қатысты қылмыстық істі бір жылдан астам тергеп келген.

Астана қаласында "Юго-Восток" тұрғын үй кешенінің салушыларына қатысты қозғалған қылмыстық іске нүкте қойылды. Елорданың прокурорлары үлескерлерге 167 миллион теңгенің төленуіне көмектесті, деп хабарлайды BNews.kz астаналық Прокуратураның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Астана қаласының қылмыстық қудалау органдары "Юго-Восток" тұрғын үй кешенінің құрылысын аяқтамаған "Инженерно-сервисная компания" ЖШС-ның басшыларына қатысты қылмыстық істі бір жылдан астам тергеп келген. 

Астана қаласы прокуратурасының араласуынан кейін жедел-тергеу әрекеттері жүргізіліп, іс бойынша барлық мән-жайлар анықталды.

"Процесс прокурорының нұсқауы бойынша компанияның басшылығы Г.М. Жұбатқанов пен К.М. Жұбатқановтарға қатысты қамауға алу туралы бұлтарпау шарасы қолданылып, олар сенiп тапсырылған бөтен мүлiктi талан-таражға салғаны және алдау жолымен мүлiктiк залал келтiргені (Қылмыстық Кодексінің 189 б. 4 б. 2 т., 195 б. 4 б. 2 т.) үшін сотқа берілді.

Екеуі де 8 жыл мерзімге бас бостандығынан және сол мерзімге құрылысқа қатысты барлық меншік түрлерінің ұйымдарында басшылық ету құқығынан айырылды", - делінген хабарламада.

Олардан 35 үлескердің пайдасына 167 млн теңге көлемінде келтірілген зиян өндірілді.

Өндірілген сома есебінен үлескерлерге аяқталмаған "Юго-восток" тұрғын үй кешені құрылысының бір бөлігі (мансард қабаттары), 0,3248 га көлеміндегі жер учаскесі және билік етуге құқық беретін құжаттар берілді. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар