Астана маңы тасжолдарындағы қозғалыс ашылды

23 қараша, 2018, 10:08 2778 Ақмола облысы
Астана маңы тасжолдарындағы қозғалыс ашылды

Ауа райы қолайсыздығына байланысты кеше бірнеше бағыттағы жол жабылған еді.

Ауа райының қолайсыздығына байланысты тасжолдардағы қозғалыс кеше сағат 19:00-де жабылған болатын, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

"23 қарашада сағат 07:00-ден бастап "Астана – Қарағанды", "Астана-Қабанбай батыр", "Астана-Қорғалжын"  тас жолдарындағы қозғалыс барлық автокөлік түрлері үшін ашық", - деп жазылған қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығы таратқан хабарламада.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар