Астана туралы кітаптың оқырмандары жұмбақ шешіп, 30 мың доллар ұтып ала алады

10 тамыз, 2018, 12:23 3203 Астана
Астана туралы кітаптың оқырмандары жұмбақ шешіп, 30 мың доллар ұтып ала алады

"Astana - architecture, myth and destiny" кітабын тарихшы төрт жылда дайындап шығарған.

Канадалық профессор, тарихшы, Кембридж университетінің докторы, құпия қоғамдардың архитектурасы бойынша белгілі сарапшы Фрэнк Альбо Астананың сәулеті мен аңызы жайлы кітабын оқып, жасырылған жұмбақтарды шеше алған адамға 30 000 доллар көлемінде сыйақы бермекші, деп хабарлайды BNews.kz.

"Канадалық профессор, тарихшы, Кембридж университетінің докторы, құпия қоғамдардың архитектурасы бойынша белгілі сарапшы Фрэнк Альбо өз елінде "Канадалық Дэн Браун" деп танылған. Ал енді автор өз кітабын оқып, жасырылған жұмбақтарды шеше алған адамға 30 000 доллар көлемінде сыйақы бермекші. Автор Елордамыз туралы білімімізді арттырып, руxани жағынан байытып қана қоймай, ақша ұтып алуға да мүмкіндік беріп отыр", - деп хабарланды "Президент телерадио кешенінің" Facebook-тегі ресми парақшасында.   

Айта кетейік, бұл кітап Amazon.com интернет-дүкенінде кітаптар сатылымы бойынша үздік рейтингтерінен орын алды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар