Астана тұрғындары ғимараттардың шатырында қатқан мұз туралы хабарлай алады

23 қараша, 2018, 11:13 2705 Астана
Астана тұрғындары ғимараттардың шатырында қатқан мұз туралы хабарлай алады

Қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығы осыған сәйкес қоңырауларды қабылдайды.

Астана тұрғындары 109 қызметіне көшеде жиналып қалған қар мен ғимараттардың шатырында қатқан мұз туралы ақпаратты жеткізе алады, деп хабарлайды BNews.kz Елорда Инфоға сілтеме жасап.

Еске сала кетейік, Алматыда үстіне мұз құлап, сол жерде көз жұмған әйелдің оқиғасы қоғамда үлкен резонанс тудырған болатын.

Осыған орай, қалалық iKomek мониторинг және жедел әрекет ету орталығы бейнебақылау жүйесі арқылы қаладағы қардың жиналуын, көше бойындағы, үйлер мен ғимараттардың шатырына қатқан мұзды бақылауға алды.

"Өткен жылы қар мен мұзды санитарлық тазалаумен айналысу аудан әкімдіктері мен қаланың ПИК-теріне жүктелген болатын. Биыл да тазалау жұмысы бұрынғыша жүргізіледі. Сонымен қатар қызметті әлдеқайда сапалы ұсыну үшін біз қала тұрғындарын қырағы болып, қатқан мұз сүңгілерін, сеңдерін байқасаңыздар, суретке/видеоға түсіріп алуға шақырамыз", - делінген орталықтың хабарламасында.

Түсірілген фото және бейнематериалдарды iKomek орталығына Telegram чат-боты арқылы, Астана әкімдігінің ресми сайты арқылы жолдауға болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар