"Астана" велошабандозы "Тур де Франстағы" екінші жеңісін Денис Тенге арнады

Написать нам
23 шілде, 2018, 10:58 1947

Бірінші болып мәрені "Астана" командасының испаниялық шабандозы Омар Фрайле кесіп өтті.

"Астана" велошабандозы Омар Фрайле "Тур де Франс" көпкүндігінің 14-кезеңінде жеңіске жетті. Омар Фрайле бұл жеңісін 19 шілдеде қаза тапқан танымал қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Денис теннің рухына арнады, деп хабарлайды BNews.kz prosports.kz-ке сілтеме жасап.

Бірінші болып мәрені "Астана" командасының испаниялық шабандозы Омар Фрайле кесіп өтті. "Quick-Step Floors" командасының өкілі француз Жулиан Алафилипп - екінші, "Trek-Segafredo"-ның велошабандозы бельгиялық Яспер Стёйвен үшінші болып келді.  

"Тур де Франс". 14-кезең

Сен-Поль-Труа-Шато - Манд. 188 шақырым

1. Омар Фрайле (Испания, "Астана") - 4:41:57

2. Жулиан Алафилипп (Франция, "Quick-Step Floors") - +0:06

3. Яспер Стёйвен (Бельгия, "Trek-Segafredo").

Бұған дейін хабарлағанымыздай, "Астана" командасының велошабандоздары "Тур де Франс" көпкүндігінің 14-кезеңіне қара ленталар байлап шықты. Осылайша, олар 19 шілде күні Алматы қаласында ұрылардың қолынан қаза тапқан мәнерлеп сырғанаушы Денис Теннің рухына құрмет білдірді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар