Астана жастары Дүниежүзілік қан доноры күніне орай акция өткізді - Жаңалықтар | BNews

Астана жастары Дүниежүзілік қан доноры күніне орай акция өткізді

14 маусым, 20:03 3174 Астана
Астана жастары Дүниежүзілік қан доноры күніне орай акция өткізді

"Басқаларды да ойла. Қан тапсыр. Өміріңмен бөліс!" қайырымдылық акциясында ерікті донорлықты дамытуда белсенділік танытып жүрген азаматтарды салтанатты түрде алғыс хаттармен марапаттау рәсімі өтті.

Астана қаласының трансфузиология ғылыми-өндірістік орталығында Дүниежүзілік қан доноры күніне арналған "Басқаларды да ойла. Қан тапсыр. Өміріңмен бөліс!" атты қайырымдылық акциясы өтті, деп хабарлайды BNews.kz.

Аталған іс-шараға ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрлігінің Жастар саясаты департаментінің, ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің, "Нұр Отан" партиясы Астана қалалық филиалының, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілдері, қоғам қайраткерлері, ҮЕҰ өкілдері мен белсенді жастар қатысты.

Жастар саясаты департаментінің директоры Асхат Оралов донорларға алғысын білдірді.

"Әрбір адам жақсы істер жасай алады, донор болу арқылы біреуге өмір сыйлай алады. Донорлық көмек көрсетіп, қан құю – осы күнге дейін көптеген адамдардың  өмірін  құтқару жолындағы  мүмкіндіктердің бірі болып табылады. Осы мүмкіндікті пайдалана отырып, еліміздің барлық аймақтарындағы жастар ұйымдары мен қозғалыстарын аталған акцияға қатысуға шақырамын", - деді Асхат Оралов. 

Акцияға сондай-ақ "Нұр Отан" партиясының Астана қаласы филиалы төрағасының орынбасары Владислав Сергеев, Олимпиада чемпионы Бақтияр Артаев,  донорлардың көмегінің арқасында өмір сүріп келе жатқан пациенттер қатысып, ерікті донорларға алғыстарын білдірді.

Бұдан бөлек, қайырымдылық акциясы аясында арнайы концерт ұйымдастырылып, ерікті донорлар мен ерікті донорлықты дамытуда белсенділік танытып жүрген азаматтарды салтанатты түрде алғыс хаттармен марапаттау рәсімі өтті.

Айта кету керек, Дүниежүзілік қан доноры күні – 2005 жылы Женева қаласында өткен Дүниежүзілік денсаулық сақтау Ассамблеясының  58-ші сессиясында бекітілген халықаралық дата болып табылады.   

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары