Астана жастары елорда тұрғындары мен қонақтарын Наурыз мерекесімен құттықтайды - Жаңалықтар | BNews

Астана жастары елорда тұрғындары мен қонақтарын Наурыз мерекесімен құттықтайды

20 наурыз, 2018, 09:51 4862 Астана
Астана жастары елорда тұрғындары мен қонақтарын Наурыз мерекесімен құттықтайды

19-20 наурыз күндері "Астана Наурызы - 2018" қалалық акциясы өтеді, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты. 

Шара барысында насихатшы жастар тобы елорданың негізгі көшелерін, ірі сауда орталықтары мен ойын-сауық кешендерін, кәсіпкерлік объектілерді, сондай-ақ қоғамдық көліктерді аралап, Астана қаласы әкімдігінің атынан Наурыз мейрамымен құттықтайды, сондай-ақ Наурызға қатысты сұрақ-жауап ойындарын өткізіп, белсене қатысқандарға сыйлықтар мен әкімдіктің құттықтау парақтарын табыстайды.

"Акцияның мақсаты Ұлыстың Ұлы күні – Наурыз мейрамын насихаттау, Наурыздың маңыздылығын көпшілікке жеткізу, ұлттық құндылықтар мен салт-дәстүрлерді дәріптеу, халыққа мерекелік көңіл-күй сыйлау", - деді тілдерді дамыту және мұрағат ісі басқармасының бас маманы Ержан Еңсебаев.

Сонымен қатар, насихатшылар тобы көпшіліктің алдында өлең оқып, ән айтып оларды мемлекеттік тілде сөйлеуге, оған құрмет көрсетуге, Наурыз мейрамының құндылықтарын түсінуге үндеу тастайды.

"Акция барысында 5 мыңнан астам сыйлық ұсынып, 10 мыңнан астам құттықтау парақтарын тарату, 30-дан астам ірі нысандарды аралау, 100-ден астам көшені автобуспен жүріп өту көзделген", - деді Еңсебаев.

Іс-шара аясында акциядан бөлек, ғимараттар, мекемелер және БАҚ өкілдері мен әлеуметтік желі белсенділері арасында да байқау жүргізілетін болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар