Астана жастары қарияларға көмектесті

30 қараша, 2018, 13:21 2477 Астана
Астана жастары қарияларға көмектесті

"Астана жастары" ресурстық орталығы "Қамқорлық мекен-жайы" жобасын әзірледі.

Астанада "Қамқорлық мекенжайы" әлеуметтік жобасы іске асырылып жатыр, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Жеке секторда тұратын жалғыз басты зейнеткерлер мен мүмкіндігі шектеулі азаматтардың көбі ауласындағы қарды тазалай алмайды. Осы мәселені шешу үшін "Астана жастары" ресурстық орталығы "Қамқорлық мекен-жайы" жобасын әзірледі. Ол қала тұрғындарының мұқтаждарға тұрмыстық көмек көрсету мақсатында әзірленді.

"Біз көмекке мұқтаж жалғызбасты қарт адамдардың тізімі бар. Мысалы, көктемде сенбіліктерді ұйымдастырып, картопты егіп береміз. Жыл бойы оларға азық-түліктерін апарып, үйлерін жинап береміз.  Біз мұны әр сенбі сайын жүйелі түрде істейміз. Көмекке мұқтаж адамдардың тізімін бізге Астана қаласы жұмыспен қамту және әлеуметтік қорғау басқармасы ұсынды. Біз сол тізім бойынша қарияларға қоңырау шалып, келетімізді алдын ала ескертіп қоямыз", - деді "Астана жастары" орталығының директоры Үкібай Нұрпейісов.

"Қамқорлық мекен-жайы" жобасы 2014 жылы іске қосылған. Бүгінге дейін жобаға 700-ден астам астаналық жасөспірім қатысты.  

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар