Астанада "1000 орын – көше саудасы" жобасы отбасылық кәсіпкерліктің өркендеуіне жол ашты - Жаңалықтар | BNews

Астанада "1000 орын – көше саудасы" жобасы отбасылық кәсіпкерліктің өркендеуіне жол ашты

10 тамыз, 15:13 2967 Астана
Астанада

Осы жоба аясында бір жарым мыңнан астам қала тұрғыны жұмыспен қамтылды.

Жоба аясында 630 кәсіпкер өзінің кәсібін заңдастырды, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялар жобасы 2015 жылдан іске асырылып келеді. Өткен бір жыл ішінде бағдарламаны жүзеге асыруға 1200-ден астам кәсіпкер қатысып, 1500-ден астам жұмыс орны құрылды.

Субъектілер арасында жер учаскесі конкурс арқылы бөлінді. Ұсынылған учаскелердің ішінде 231-і – жеміс-жидектерге, 205 – фаст-фудтарға, 75 – тағам, 50 – гүлдерге, 30 – мобильді техникалық сервиске, 11 – газет дүңгіршегіне, 2 – тұрмыстық қызмет сервисіне, 2- балалар серуеніне, 2 – кәдесый өнімдеріне берілді.

Айта кетейік, аталмыш жоба шағын және орта кәсіпкерлікті дамытып, көп жағдайда отбасылық бизнесті ұйымдастырудың себепкері болып, жұмыссыз халықты өзін өзі қамтамасыз етуге үйретуде.

Бұдан басқа, қоғамдық аукцион өткізуді іске асыру шеңберінде блокчейн жүйесі бойынша аукцион өткізу үшін электронды плтаформа жасаудың жұмыстары басталып кетті. Сонымен қатар, қазіргі таңда QR-код пен әзірлеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары