Астанада 10 автобус бағытының жүру бағдары уақытша өзгертіледі - Жаңалықтар | BNews

Астанада 10 автобус бағытының жүру бағдары уақытша өзгертіледі

15 ақпан, 18:34 1060 Астана
Астанада 10 автобус бағытының жүру бағдары уақытша өзгертіледі

Мұндай өзгерістер Ықылас Дүкенұлы көшесінде көлік қозғалысының тоқтатылуына байланысты енгізілуде.

Астанада 2018 жылдың 15 ақпанынан 20 сәуірге дейін Ықылас Дүкенұлы көшесінің Шәкен Айманов көшесінен Шоқан Уалиханов көшесіне дейінгі учаскесінде көлік қозғалысының тоқтатылуына байланысты, бірқатар автобус бағдарының қозғалыс бағыты уақытша өзгертіледі, деп хабарлайды BNews.kz "Астана LRT" компаниясының ресми сайтына сілтеме жасап.

"№52 бағдарының қозғалысы Бөгенбай батыр даңғылына дейін өзгеріссіз, әрі қарай Бөгенбай батыр даңғылы бойымен тура, оңға Республика даңғылына, оңға Ы. Дүкенұлы көшесіне, оңға Ш. Айманов көшесіне, солға Бөгенбай батыр даңғылына, ары қарай қолданыстағы қозғалыс сызбасы бойынша", - делінген компанияның хабарламасында.

Кері бағытта ұқсас қозғалыс сызбасы бойынша.

№14, 48 бағдарларының қозғалысы Ы. Дүкенұлы көшесінен Бөгенбай батыр даңғылына уақытша көшіріледі.

№1, 24, 34, 38, 53, 127 және экспресс 103 бағдарларының қозғалысы Алаш тас жолы көпірінен Ы. Дүкенұлы көшесіне кірмей солға Ш. Уалиханов көшесіне бұрылады.

Кері бағытта ұқсас қозғалыс сызбасы бойынша.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары