Астанада 11-12 тамызда Түркістан облысының жәрмеңкесі өтеді

Написать нам
08 тамыз, 2018, 10:03 1657 Астана
Астанада 11-12 тамызда Түркістан облысының жәрмеңкесі өтеді

Жәрмеңкеде оңтүстік өңірдің 200 тоннадан астам көкөнісі мен жемісі ұсынылады.

Аймақ өндірушілері жәрмеңкеге 101  млн теңге сомасында 411 тонна ауылшаруашылығы өнімдерін әкеледі, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты. 

Жәрмеңкеде оңтүстік өңірдің 200 тоннадан астам көкөнісі мен жемісі ұсынылады және де астана тұрғындарының сұранысы бойынша "Дәмді ет" сауда белгісі бар "Ордабасы құс" ЖШС-нің шұжық және үндіктен жасалған ет өнімдерін де әкеледі. 

Сондай-ақ сүт өнімдері ұлттық тағамның ассортименті ұсынылады. 

Айта кетейік, биыл облыс астанаға 5 рет келді және жалпы көлемі 14 мың тоннадан асатын 26 өнімнің түрін ұсынды. 

Бұдан басқа, әрбір сенбі, жексенбі күндері Сауран 7, Рысқұлбеков 7 мекенжайы бойынша қаланың 2 ауданында жақын маңдағы кәсіпорындардың қатысуымен жәрмеңке өтті. Ол жердегі өнімдерді базардағы бағадан 10-15% төмен алуға болады. Биыл 100-ден астам ауылшаруашылығы жәрмеңкесі  ұйымдастырылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар