Астанада 1-2 қаңтарда қайда баруға болады

01 қаңтар, 2019, 10:47 2020
Астанада 1-2 қаңтарда қайда баруға болады

Елорда тұрғындары мен қонақтарына қызықты спорттық және мәдени іс-шаралар ұйымдастырылады.

Мерекелік демалыс күндері – 1-2 қаңтарда Астана тұрғындары мен қонақтары қайда бара алатыны жарияланды, деп хабарлайды BNews.kz sxodim.com-ға сілтеме жасап.

1 қаңтар

Сағат 11:30-да Триатлон саябағында "Уәде етілген жүгіріс" ұйымдастырылады. Бұл – 1 қаңтарда стартта тұрып, әр адам өзінің армандары мен мақсаттарын қолдау үшін 2019 метр жүгіретін бүкіләлемдік дәстүр. Аталған спорттық шараға кез келген адам қатыса алады.

1-2 қаңтар

Сағат 15:00-де MEGA Silk Way сауда ойын-сауық орталығында ертегі кейіпкерлерінің Жаңа жылдық шеруі өтеді. Бұған қалаған адам қатыса алады.

Сағат 16:00-де Астаналық циркте Морис Метерлинк ертегісінің желісі бойынша "Көк Құс" жаңа жылдық цирктік ертегісі көрсетіледі. Билет бағасы - 1000 теңгеден жоғары (бес жасқа дейінгі балаларға тегін, алайда жеке орын берілмейді).

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #жаңа жыл #мереке #демалыс күндер

Читайте также

Похожие новости