Астанада 14 шілде күні жаңа бассейн ашылады - Жаңалықтар | BNews

Астанада 14 шілде күні жаңа бассейн ашылады

12 шілде, 20:14 2883 Астана
Астанада 14 шілде күні жаңа бассейн ашылады

Бассейннің ауданы 1352 шаршы метрді құрайды.

14 шілдеден бастап көпфункционалды "Барыс Арена" мұз айдыны сарайында ауданы 1352 шаршы метрді құрайтын ірі бассейн есігін айқара ашпақ, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

"Ұзындығы 50 метрді құрайтын 10 жолағы бар бассейннің ені - 25 метр. Мұнда себезгі кабиналары, шешінетін кең бөлме бар. Бассейндегі су 8 деңгейлі тазартудан өтеді. Бассейн түбін роботтар тазартады", - делінген хабарламада. 

Ол күн сайын сағат 7:00-ден 23:00-ге жұмыс істейтін болады.

Медициналық тексеріс жөніндегі анықтама мен бассейнде жүзуге арналған бас киім міндетті түрде қажет.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары