Астанада 1 мамыр мерекесіне орай велошеру өтеді

25 сәуір, 2018, 13:06 1805 Астана
Астанада 1 мамыр мерекесіне орай велошеру өтеді

Спорттық іс-шара Астананың 20 жылдығы мен "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

Астанада 1 мамырда Қазақстан халқының бірлігі күніне орай "Достық шеруі" атты велошеру өтеді, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Спорттық іс-шара Астананың 20 жылдығы мен "Рухани жаңғыру" бағдарламасы аясында жүзеге асырылады.

Жарыс сағат 13:00-де "Бәйтерек" монументінің алдындағы алаңда басталады. Қатысушыларды тіркеу сағат 11:00-де өткізіледі. Маршруттың ұзақтығы – 4100 м.

Велошеруге қатысушылар Астананың сол жағалауымен жүріп өтеді. Шараға әлемдік деңгейде ел намысын қорғап жүрген танымал велошабандоздар, белгілі спортшылар, этномәдени бірлестіктердің өкілдері, сондай-ақ 12 жастан асқан елорда тұрғындары мен қонақтары қатысады.

Велошеруге "Астана" Президенттік клубының "Astana Pro Team" кәсіпқой командасының өкілі Дмитрий Груздев те шақырылды. Спортшы Қазақстанның үш дүркін чемпионы, жеке жарыста Азияның екі дүркін чемпионы атанған.

Жарыс алдында концерттік бағдарлама өтеді, қатысушыларға жақсы көңіл-күй сыйлайтын жалпы спорттық жаттығулар жасалады. 

Қала тұрғындарын белсенді және салауатты өмір салтына баулу, сондай-ақ күнделікті өмірде велосипедпен жүруді дәріптеу мақсатында спорттық бұқаралық шараны Астана қаласының мәдениет және спорт басқармасы ұйымдастырып отыр. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар