Астанада 1 миллионнан астам электрондық денсаулық құжаты жасалды

25 қазан, 2018, 10:58 1210 Астана
Астанада 1 миллионнан астам электрондық денсаулық құжаты жасалды

2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емхана мен ауруханалар қағазсыз цифрлық медициналық құжаттамаға ауысуы тиіс.

Астанада Мемлекет басшысының Жолдауындағы басты тапсырмаларды іске асыруға кірісіп кетті. Қазіргі уақытта қалада 1 миллионнан астам электрондық денсаулық құжаты жасалды. 2019 жылдың 1 қаңтарынан бастап барлық емхана мен ауруханалар қағазсыз цифрлық медициналық құжаттамаға ауысуы тиіс, деп хабарлайды BNews.kz қала әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Елордада "SMART Медицина" жобасын енгізу бойынша жұмыстар жүргізілуде, ол процесті тек автоматтандырып қана қоймайды (принципі – пациент туралы ақпарат), SMART енгізу – емдеу мен диагностиканың элементтері де кіргізіледі, деп хабарлайды астана әкімдігінің ресми сайты.

"Бүгінде барлық денсаулық сақтау ұйымдарында интернет 100% қолжетімді. Барлық ведомствоға қарасты медициналық ұйымдарға медициналық ақпарат жүйесі орнатылған. Бүкіл медицина персоналдары (8000-нан астам адам) компьютерлік сауаттылықтан өткен", - деп хабарлады Астана әкімдігінде.

Пилотты режимде "Қағазсыз емхана" жобасы енгізілуде, соған сәйкес 1 қаңтар 2019 жылдан бастап барлық жұмыс қағазсыз нұсқада жүргізіледі.

"Бүгінде жобаның келесі компоненттері жүзеге асырылды: Астана азаматтарының (93%) 1 009 320 аса электрондық денсаулық құжаты, АМСК ұйымдарында 66% жоспарланған мөлшерден тіркеу-есеп құжаттамасы қағазсыз формаға ауысты. Оның ішінде пациенттердің амбулаториялық картасы, уақытша еңбекке жарамсыз парақшасы, зерттеуге жолдама, консультация және тағы басқа. Қағазсыз медицинаға ауысудың ішінде тиімдісі дәрігерге келу 2 есе азая түседі, дәрігер мен пациенттің уақытын 50% үнемдеу, кезекті 90% азайту, қаржы шығынының ашықтығы, жемқорлық тәуекелін төмендету, медицина қызметінің қолжетімділігі, медициналық қызмет көрсетудің сапасын жақсарту", - делінген баспасөз хабарламасында.

Атқарылып жатқан жұмыстар қызмет көрсету сапасына әсер етіп, денсаулық сақтау ұйымдарында пациентке бағытталған қолайлы орта жасайтыны сөзсіз. Осы жылдың 20 қыркүйегіне дейін "Астана – адалдық алаңы" жобасының біту мерзімі анықталды. Оның аясында тұрмыстық жемқорлықтың кез келген түрін жою, "үнемшіл емхана" элементтерін енгізу: келушілерге қолайлы шарт, кәсіпорындардағы "ақылды" экономика, игерілмеген функциялардың аутсорсингі, барлық жерде және барлығы үшін үнем қарастырылған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар