Астанада 2019 жылы он төрт жаңа мектеп салынады - Жаңалықтар | BNews

Астанада 2019 жылы он төрт жаңа мектеп салынады

Написать нам
20 қазан, 2018, 12:36 2557 Астана
Астанада 2019 жылы он төрт жаңа мектеп салынады

Мектептің құрылысын 1200 емес, 2500-3000 орынға лайықтап салуға мүмкіндік береді.

Астана қаласында 2019 жылы он төрт жаңа мектеп салынады деп жоспарланып отыр. Жаңа мектепті жобалау жаңартылған құрылыс нормалары және ережесі (ҚНжЕ) бойынша жүргізіледі, яғни мектептің құрылысын 1200 емес, 2500-3000 орынға лайықтап салуға мүмкіндік береді, деп хабарлайды BNews.kz қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұл туралы Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев Президент Жолдауын түсіндіру бойынша халықпен кездесу барысында айтты.

Таяу 5 жылда қалада 37 мектептің құрылысы мен 10 жапсарлас құрылыстың жұмыстары аяқталатын болады. Оның ішінде 4 объекті осы жылы пайдалануға беріледі.

"2019 жылдың соңына дейін тағы да 14 объекті беріледі. Жаңа мектепті жобалау жаңартылған ҚНжЕ бойынша жүргізіледі, яғни мектептің құрылысын 1200 емес, 2500-3000 орынға лайықтап салуға мүмкіндік береді. Осылайша, біз 5 жыл ішінде астананың құрылғанына 20 жыл толса, соншалықты тұрғыда жаңа оқу орындарымен қамтамасыз ете аламыз", - деді Астана әкімінің орынбасары Ермек Аманшаев.

Оның сөзінше, осындай шаралардың арқасында осы жылы 11-ден 5 мектепке дейін үш ауысымды режимдегі мектептердің саны азайға. Келесі жылы үш ауысымды оқыту мәселесі толығымен алынып тасталады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар