Астанада 28 аялдамадан электрондық кітап жүктеп алуға болады - Жаңалықтар | BNews

Астанада 28 аялдамадан электрондық кітап жүктеп алуға болады

16 ақпан, 12:56 885 Астана
Астанада 28 аялдамадан электрондық кітап жүктеп алуға болады

Аталған жоба "Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында қолға алынған.

Астанадағы 28 аялдама мен бірқатар қоғамдық орында QR-кодтары бар үш тілде ұсынылған кітаптар тақтасы пайда болды, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

"Рухани жаңғыру" бағдарламасының аясында қолға алынған "Astana – Bilimland" жобасына WikiBilim қоғамдық қоры мен елорда әкімдігі мұрындық болды. Ұлттық аударма бюросы қоғамдық қорының атқарушы директоры Рауан Кенжеханұлының айтуына қарағанда, аталмыш жобаны жүзеге асырудың тәжірибесі еліміздің басқа өңірлерінде де қолданыла бастаған.

"Astana – Bilimland" жобасы аясында қазақы руханиятты қолдау, оны заманға сай үлгіде тарату, қалада қызық атмосфера туғызу үйлесім тауып, халықтың жақсы бағасына ие болды. Олай деп айтуымның себебі, Астана қаласының осы тәжірибесін басқа да көптеген аймақтар алып жатыр. Қызылорда, Ақтөбе, Алматы облыстарындағы қоғамдық орындарда осындай тақталар орнатылғандығын естіп, қуанып жатырмыз", - деді Рауан Кенжеханұлы.

Сондай-ақ, ол халыққа қызмет көрсету орталықтарының, оқу орындары кітапханаларының, емханалар мен ауруханалардың, адамдар көп жиналатын жерлердің басшылығы бұл жоба туралы білетінін айтты.

Тақтада ұсынылған кітаптардың ішінен ұнағанын оқу үшін азаматтардың интернет желісіне қосылған ұялы телефоны болса, жеткілікті. Оқырмандар кітапты таңдап, оны QR-коды арқылы сканерлеп, кітаптың сілтемесін ала алады.

Бұл кітаптардың барлығын Қазақстанның ұлттық электронды кітапханасы платформасынан табуға болады. Бес жыл ішінде 10000 кітап, 1500 аудиокітап, 120 мыңнан астам сөзі мен сөз тіркесі бар әмбебап сөздік, көрнекті қоғам қайраткерлерінің дауыстары жазылған пластинкалар сандық форматқа көшіріліп, олардың электронды нұсқалары шығарылды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары