Астанада 2 ақпаннан бастап жаңа автобус бағдары іске қосылады

31 қаңтар, 2019, 19:14 3170
Астанада 2 ақпаннан бастап жаңа автобус бағдары іске қосылады

Бағдар "Көктал-1" тұрғын алабын №19 орта мектеппен тікелей байланыстыру мақсатында құрылған.

Елордада 2 ақпанынан бастап №5А модификацияланған бағдар іске қосылады, деп хабарлайды BNews.kz.

"Бағдар "Көктал-1" тұрғын алабын №19 орта мектеппен тікелей байланыстыру мақсатында құрылған. №5А бағдар қолданыстағы №5 бағдар негізінде әзірленген", - деп хабарлады "Астана LRT" баспасөз қызметі.

№5А бағдарының қозғалыс сызбасы келесідей: "Наз" би театры" бастапқы аялдама пунктінен Көктал; Проезд 52 көшелері қиылысына дейін №5А бағдарының бекітілген қозғалыс кестесіне сәйкес, одан әрі Көктал көшесімен тіке, Дулатов көшесіне оңға, Герцен көшесіне оңға, Оқжетпес көшесіне солға, одан әрі қарай №5 бағдардың бекітілген қозғалыс кестесіне сәйкес қозғалады. Кері бағытта жоғарыда көрсетілген сызбамен қатынайды.

Біздің Telegram-парақшамыздаҚазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #автобус

Читайте также

Похожие новости