Астанада 3 мыңнан астам заңсыз пиротехника өнімі тәркіленді - Жаңалықтар | BNews

Астанада 3 мыңнан астам заңсыз пиротехника өнімі тәркіленді

27 желтоқсан, 18:14 1769 Астана
Астанада 3 мыңнан астам заңсыз пиротехника өнімі тәркіленді

Жаңа жыл қарсаңында Астанада 3 тоннадан астам заңсыз пиротехника өнімі тәркіленді, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің медиа орталығына сілтеме жасап.

ІІД Әкімшілік полиция басқармасымен 19 желтоқсаннан бастап елордадағы 60-тан астап пиротехниканы сатуға бейімделген орын тексеріліп, нәтижесінде 6 дерек анықталды. Тексеріс барысында заңсыз сатылымға шығарылған сертификатсыз 3 мыңнан астам пиротехникалық өнім тәркіленді.

«Пиротехникалық өнімдерді заңсыз сату бойынша полиция қызметкерлері күнделікті заңсыз сауда орындарын тексеріп, сертификатталмаған өнім көтерме сауда жеткізушілерін анықтау бойынша іс-шаралар жүргізілуде. Пиротехникалық өнімдердің іске асырылуы тек қана тиісті лицензиясы бар арнайы мамандырылған дүкендер арқылы шығарылуы керек», - деді Астана қаласы ІІД ӘПБ бөлім бастығы Бағлан Қазбеков.

Пирохетникалық өнімдерді заңсыз пайдалану фактісі бойныша құқықбұзушыларға ҚР «Әкімшілік құқықбұзу туралы» 436 бабының 2 бөлімі бойынша жауапкершілікке тарту жазасы көзделген. Сондай-ақ 10 АЕК мөлшерінде айыппұл салу қарастырылған.

Ал аталған әрекеттерді 16 жасқа дейінгі кәмелет жасқа толмаған балалар жасаған жағдайда, олардың ата-аналарына немесе заңды өкілдеріне пиротехникалық өнімдерді тәркілеуімен, ескерту немесе 10 айлық есептік көрсеткіш айыппұл салынады.Сонымен қатар Қазақстан Республикасы «Әкімшілік құқықбұзу туралы» 483 бабының 1,2 бөлімдері бойынша жауапкершілікке тартылады.

Айта кетейік, 19 желтоқсанда елордада «Пиротехника-2017» жедел алдын алу шарасы басталды. 2018 жылдың 3 қаңтарына дейін жалғасатын акция аясында тәртіп сақшылары қала аумағында заңсыз жолмен сатылып жатқан пиротехникалық заттарды анықтайтын болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары