Астанада 4-5 тамыз күндері Жамбыл облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Написать нам
02 тамыз, 2018, 15:08 3590 Астана
Астанада 4-5 тамыз күндері Жамбыл облысының ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтеді

Жәрмеңкеде жалпы құны 121,6 млн. теңгені құрайтын 365,7 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылады.

Астана қаласының 20 жылдығына орай 4-5 тамыз күндері Астана қаласындағы "Қазақстан" СК алаңында өтетін ауыл шаруашылығы өнімдерінің көрме-жәрмеңкесіне Жамбыл облысы мен Тараз қаласының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері келеді, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Жәрмеңкеде жалпы құны 121,6 млн. теңгені құрайтын 365,7 тонна ауыл шаруашылығы тауарлары ұсынылады. Атап айтқанда 30 тонна ет (жылқы, сиыр, қой және тауық еті), 19 тонна сүт өнімдері, 5 тонна шұжық өнімдері, 5 мың дана жұмыртқа, 5 тонна қарақұмық, 5 тонна күріш, 20 тонна қант, 6 тонна өсімдік майы, 5 тонна балық, 2,5 тонна бал, 1,5 тонна кондитерлік өнімдер мен 2 тонна макарон өнімдері, 0,5 тонна тұз, 2 тонна кептірілген жеміс және 257,2 тонна жеміс-жидек пен көкөніс өнімдері.

Аталған жәрмеңке облыстың тауар өндірушілеріне өз тауарларын делдалсыз, тікелей тұтынушыларға сатуға мүмкіндік береді. Жәрмеңкедегі тауарлар бағасы нарық бағасынан 10-20 пайыз төмен болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар