Астанада 7-15 жас аралығындағы оқушылар көліктік картаны мектептен тегін ала алады

19 шілде, 2018, 11:48 2145 Астана
Астанада 7-15 жас аралығындағы оқушылар көліктік картаны мектептен тегін ала алады

Оқушы мектеп картасын жоғалтқан жағдайда, оның басып шығарылуының құны 400 теңге болмақ.

Астанада 7-15 жас аралығындағы оқушылар көліктік картаны мектептен ақысыз ала алады. 15 жасқа толмаған балаларға арналған атаулы көліктік картаны пайдаланушылар үшін жолақысының құны 40 теңгені құрайды, деп хабарлайды BNews.kz елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Көліктік картаны мектеп оқушысы өзі оқитын оқу орнынан алады.

Картаны рәсімдеу үшін мектеп оқушысы туу туралы куәлігін, фото суретін тапсыруы керек. Алғашында карта тегін беріледі. Оқушы мектеп картасын жоғалтқан жағдайда, оның басып шығарылуының құны 400 теңге болмақ. 

Мектеп оқушыларына арналған атаулы картаны үшінші тұлғалар қолдана алмайды. 

Атаулы мектеп картасын басқа қалалардың оқушылары да ала алады. Ол үшін балалар өз ата-аналарымен, заңды өкілдерімен бірге карталарды беру пункттеріне келіп, 400 теңге төлеуі керек. 

Орталық кассаның мекен-жайы: Қажымұқан көшесі 14. Кассаның жұмыс режимі: ДС-ЖМ сағат 9:00-ден 18:00-ге дейін үзіліссіз.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар