Астанада 73 жаяу жүргіншілер жолағына бағдаршам орнатылады - Жаңалықтар | BNews

Астанада 73 жаяу жүргіншілер жолағына бағдаршам орнатылады

22 ақпан, 17:26 1517 Астана
Астанада 73 жаяу жүргіншілер жолағына бағдаршам орнатылады

Астанада жыл соңына дейін 73 реттелмейтін жаяу жүргіншілер жолағына бағдаршам орнатылады, деді брифинг барысында Астана қаласы ІІД әкімшілік полиция басқармасы бастығының міндетін атқарушы Елжан Чупеков.

Әкімшілік полиция басқармасы, жергілікті полиция қызметімен бірлесіп көше-жол желісін тексеру қауіпті жол учаскелерін анықтау мақсатында жол-көлік оқиғаларына талдау, тексеру іс-шараларын жүргізді, деп хабарлайды BNews.kz әкімдіктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Жағдайды зерттеп, қала басшылығы мен Астана қаласы ІІД-ні бұрын реттелмеген жаяу жүргіншілер жолағына 73 бағдаршам қою бойынша үлкен бағдарламаны қолға алды", - деді Чупеков.

Оның айтуынша, бағдаршамдардан бөлек, жол қауіпсіздігін сақтау мақсатында жарықтандыру болады, қоршаулар метражы ұлғаяды, сондай-ақ, жаяу жүргінші мен көлік ағымы арасы бөлінеді.

"Бұл жұмыс осы жылы аяқталады. Менің ойымша, бұл жол апатын айтарлықтай азайтуы тиіс", - деді ол.

Сонымен қатар, қазіргі таңда көлік ағымының кедергісіз жүруін жақсарту үшін 43 оңға қарай бұрылу жолы жобалануда.

Елжан Чупеков осы жылы Астана қаласының сол жағалауында қандай көшелер бір бағытты болатынын айтты.

Оның айтуынша, сол жағалаудағы Ақмешіт, Түркістан, Қонаев, Достық көшелерінде бір жақты жол қозғалысын енгізу жоспарлануда.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары