Астанада 8 наурызда 74 сәби дүниеге келген - Жаңалықтар | BNews

Астанада 8 наурызда 74 сәби дүниеге келген

09 наурыз, 2018, 17:16 1041 Астана
Астанада 8 наурызда 74 сәби дүниеге келген

Елорданың үш перзентханасында 31 ұл бала мен 43 қыз бала туылған.

2018 жылдың 8 наурызында елордада 74 сәби өмірге келген, деп хабарлайды BNews.kz қалалық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Биыл 8 наурызда Астана қаласы бойынша 74 бала дүниеге келді. Оның 31-і – ұл, 43-і – қыз бала", - делінген баспасөз хабарламасында.

Бұл деректер қаладағы №1, 2 және 3 перинаталдық орталықтардан алынған.

Айта кетейік, өткен жылдың соңындағы мәліметке сәйкес, Астана халқының саны – 1 млн 26 мың 181.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар