Астанада бірнеше көшеде жол қозғалысы уақытша жабылады

23 қазан, 2018, 19:39 1589 Астана
Астанада  бірнеше көшеде жол қозғалысы уақытша жабылады

Елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлағаны дұрыс.

23-27 қазан аралығында А. Янушкевич көшесі уақытша жабылады. Астана қаласының көлік және жол-көлік инфрақұрылымын дамыту басқармасы Астана қаласының ІІД Әкімшілік полиция басқармасымен бірге, А. Иманов көшесінен бастап А. Пушкин көшесіне дейінгі учаскеде А. Янушкевич көшесін асфальттау жұмыстарын бастауды жоспарлап отыр, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

Осыған байланысты, осы жылдың қазан айының 23 күні сағат 15:00-ден 27 күні сағат 21:00-ге дейін жоғарыда көрсетілген учаскеде автокөліктердің барлық түріне қозғалыс жабылатын болады. Елорда тұрғындары мен қонақтары кептеліс тудырмау үшін жол қозғалысы бағыттарын алдын ала жоспарлауы қажет.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар