Астанада "Адалдық күні" шарасы өтті - Жаңалықтар | BNews

Астанада "Адалдық күні" шарасы өтті

25 ақпан, 13:42 1049 Астана
Астанада

Елордада "Астана - адалдық алаңы" жобасы аясында "Адалдық күні" акциясы өтті, деп хабарлады әкімдіктің ресми сайты. 

Шараға ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті мен "Астана жастары" жастар ресурстық орталығы мұрындық болды. Оның аясында жалпыға ортақ құндылықтарды насихаттауға бағытталған бірқатар шара ұйымдастырылды.

Орталықтың 200-ге тарта еріктісі көмекке мұқтаж жандардың үйіне барып, оларға қажетті азық-түлігі бар себеттерді табыстап, олардың үйлерінің аулаларын қардан тазартты.

"Мұндай іс-шараларды жастар ресурстық орталығының еріктілері әр сенбі сайын өткізеді. "Адалдық күні" акциясының мақсаты көмекке мұқтаж адамдарға қолдау көрсету, өскелең ұрпақты адамгершілікке тәрбиелеу, азаматтарды игі істер жасауға шақыру болып табылады. Біз осылайша жастарды қарияларға құрмет көрсету сияқты игі бастамаларға шақырғымыз келеді", - деді ҚР мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Астана қаласы бойынша департаменті басшысының орынбасары Жазира Жылқышиева. 

Шараның басты мақсаты – азаматтардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәнерін қалыптастыру, адамгершілік қасиеттерді насихаттау арқылы парақорлыққа жол бермеу, жастарды отансүйгіштікке тәрбиелеу. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары