Астанада "АЭФ–2018-ге барамын" республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды - Жаңалықтар | BNews

Астанада "АЭФ–2018-ге барамын" республикалық байқауының жеңімпаздары марапатталды

16 мамыр, 17:27 2420 Астана
Астанада

Әділ қазылар мүшелері жүзден астам жұмыстың ішінен бесеуін іріктеп алды.

Бүгін Астанада XI Астана экономикалық форумы: Global Challenges Summit 2018 шарасын өткізу қарсаңында ұйымдастырылған "АЭФ–2018-ге барамын" байқауының қорытындысы шығарылды, деп хабарлайды BNews.kz Премьер-министрдің ресми сайтына сілтеме жасап.

Байқау қорытындысы бойынша қазақстандық әлеуметтік медиа пайдаланушылары жеке аккаунттарында АЭФ-тің ресми хештегтерімен Форумға неліктен барғысы келетіні тақырыбындағы жазбаларын немесе бейнероликтерін жариялады.

Негізгі мақсаты Астана экономикалық форумын жастар арасында насихаттау, жалпы бұқараға күн тәртібіндегі 11 сын-тегеуріннің және іс-шараны Global Challenges Summit-ке өзгертудің мәнін ашу болған байқау 4 және 15 мамыр аралығында өтті.

Бүгін Астана қаласындағы "Hilton" мейманханасында "АЭФ–2018-ге барамын" байқауының жеңімпаздарын ресми марапаттау рәсімі өтті.

Құрамына АЭФ Ұйымдастыру комитетінің өкілі Динара Жолдаспаева, "Жетінші арнаның" директорлар кеңесінің мүшесі, продюсер, танымал тележүргізуші Ләйлә Сұлтанқызы мен белгілі блогер, қоғам қайраткері Ғалым Байтоқ кірген әділқазылар жүзден астам жұмыстың ішінен ең үздік бесеуін іріктеп алды.

Жеңімпаздар АЭФ-ке тегін бару мүмкіндігіне ие болды. Сонымен қатар ақтық сынға шыққандардың Астана экономикалық форумының атақты спикерлерінің бірімен фотоға түсуге керемет мүмкіндігі бар.

Байқау жеңімпаздары болып, Алматы қаласынан Халықаралық бизнес және коммуникациялар колледжінің студенті Әйгерім Тасболат, Астана қаласы "Жас Отан" жастар қанатының өкілі Әйгерім Серікжанова, Оңтүстік Қазақстан облысы "Мирас" университетінің студенті Сонар Ержан, Алматы қаласы Қазақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университетінің оқытушысы, PHD докторы Шайхислам Лайсханов, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің студенті Надира Сырлыбаева атанды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары