Астанада ай сайын 1,4 мың шағын және орта бизнес субъектілері ашылады

04 қаңтар, 2019, 11:12 3335
Астанада ай сайын 1,4 мың шағын және орта бизнес субъектілері ашылады

Жұмыспен қамтылғандар саны 6,2% - ға өсті.

Жұмыс істеп тұрған шағын және орта бизнес субъектілерінің саны 21,9% - ға артты, жұмыспен қамтылғандар саны 6,2% - ға өсті, деп хабарлады Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты.

Іскерлік белсенділіктің және ең алдымен кәсіпкерліктің өсуіне "Бизнестің жол картасы – 2020" бағдарламасын іске асыру септігін тигізді. 2010 жылдан бері бағдарлама бойынша 177,3 млрд теңгені құрайтын 1 028 жоба мақұлданған, оның ішінде 2018 жылы - 32,3 млрд теңгеге 132 жоба.

Бағдарламаны іске асыруда әлеуметтік-экономикалық әсері, бұл осы уақытта сақталған 9 мыңнан асатын және жаңадан ашылған 5,3 мың жаңа жұмыс орны. Кәсіпкерлік бастамаларға қолдау көрсету шағын және орта бизнес субъектілерінің өнім өндіру көлемін 17,7% - ға арттыруға мүмкіндік берді, жұмыс істеп тұрған субъектілердің саны 21,9% - ға, жұмыспен қамтылғандар саны – 6,2% өсті. 

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Астана #шағын және орта бизнес #экономикалық өсім

Читайте также

Похожие новости