Астанада АИТВ мәртебесін анықтауға арналған экспресс-тестілеу өтуде

22 қараша, 2018, 16:24 3048 Астана
Астанада АИТВ мәртебесін анықтауға арналған экспресс-тестілеу өтуде

Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні қарсаңындағы бірқатар акциялар алдағы уақытта да, қала халқы ең көп шоғырланатын орындарында жалғасатын болады.

"Өз АИТВ мәртебеңді біл!" акциясына қатысу еркін түрде жүргізіледі. Осы уақытқа дейін 44 адам АИТВ мәртебесін білу үшін экспресс-тестілеуден өтті, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласы ЖИТС орталығына сілтеме жасап.

Қарашаның 15-і мен желтоқсан айының 15-і аралығындағы айлық шеңберінде, Астанадағы Халықаралық Әуежайда "Өз АИТВ мәртебеңді біл!" акциясы өтуде.

Астана қаласының ЖИТС орталығы ұйымдастырып отырған акция барысында қала қонақтары мен тұрғындары анонимді түрде экспресс-тестілеуден өтіп, сала мамандарынан АИТВ жұқпасы туралы мағлұмат алады. Сонымен қатар, ақпараттық материалдар таратылып, компанияны өткізудің маңыздылығы жөнінде айтылады.  

Әуежайда өткен акция барысында жалпы 44 адам экспресс-тестілеуден өтті. Оның барлығы теріс нәтиже көрсетті.

Дүниежүзілік ЖИТС-ке күрес күні қарсаңындағы бірқатар акциялар алдағы уақытта да қала халқы ең көп шоғырланатын орындарында жалғасатын болады. Оған кез-келген азамат келіп, өзінің АИТВ мәртебесін біліп қана қоймай, жұқпаның таралу жолдары туралы мамандар кеңесін тыңдай алады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар