Астанада "Әкімге сұрақ қой" акциясы басталды - Жаңалықтар | BNews

Астанада "Әкімге сұрақ қой" акциясы басталды

06 ақпан, 19:57 891 Астана
Астанада

Бүгіннен бастап әрбір қала тұрғыны Әсет Исекешевке онлайн түрде немесе 109 нөміріне қоңырау шалып, сұрақ қоя алады.

Астана қаласының тұрғындары мен қонақтарына "Әкімге сұрақ қой" атты акция басталды, деп хабарлайды BNews.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

28 ақпан күні Астана әкімі Әсет Исекешев қала тұрғындарымен есептік кездесу өткізеді. Кездесуде тұрғындар әкімге өздерін алаңдатқан сұрақтарды қойып, жауабын ала алады.

Есептік кездесулерге қаламыздың барлық тұрғыны қатыса алмайтыны белгілі, сол себепті "Әкімге сұрақ қой" атты акция қолға алынып отыр. Акция барысында әрбір адам өзі қалаған жүйе бойынша сұрақ қойып, жауабын ала алады.

Бүгіннен бастап қаланың әрбір тұрғыны өз сұрағын мынадай тәсілдермен қалдыра алады:

- Астана қаласы әкімдігінің ресми сайты арқылы http://astana.gov.kz "Әкімге өтініш" айдарына;

- Астана қаласы әкімдігінің "Қалалық мониторинг және жедел әрекет ету орталығы" мемлекеттік коммуналдық кәсіпорнының 109 номеріне қоңырау шалу және 109@astana.kz электрондық поштаға хат жазу арқылы немесе Facebook: http://m.me/astana109, Telegram: https://t.me/astana109bot;

- Smart Astana мобильдік қосымшасы арқылы, жүктеуге арналған сілтемелер:

https://play.google.com/store/apps/details?id=kz.citysoft.smartastana&hl=ru;

https://itunes.apple.com/us/app/smart-astana/id1080928295. 

Қалалық мониторинг жедел ден қою орталығы барлық сұрақты өңдеп, жауап беру үшін тиісті мемлекеттік органдарға бағыттайды.

Акция 10 ақпанға дейін жалғасады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары