Астанада "Алаш туы астында" деректі фильмінің тұсаукесері өтті

07 қараша, 2018, 12:19 3876 Астана
 Астанада

Фильмді түсіру жұмыстары Семейдің Алаш қаласы аталған аумағында, Мәскеуде, Санкт-Петербургте өткен.

ҚР Мәдениет және спорт министрлігі тапсырысы бойынша Шәкен Айманов атындағы "Қазақфильм" АҚ "Ел" продюсерлік орталығымен бірлесе отырып түсірген ұлт-азаттық Алаш қозғалысы туралы сыр шертетін "Алаш туы астында" атты деректі фильмінің тұсаукесері өтті, деп хабарлайды BNews.kz министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

"Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев өзінің "Тарих толқынында" кітабының "Алаш мұрасы және осы заман" атты тарауында: "XX ғасырдың басында ұлттық бірлікті нығайту идеясын алға тартқан рухани-зерделі игі жақсылар қазақтың ұлттық идеясын жасау міндетін өз мойнына алды. Олар қоғамның түрлі тарабынан шыққандар, әрі ең алдымен дәстүрлі дала ақсүйектерінің өкілдері еді. XX ғасырдың басындағы қазақ қоғамында зиялы қауым қалыптасуының ұрпақтар эстафетасы сияқты сипаты" - болғанын атап айтқан. Осы орайда, Алаш азаматтарының тарихи аз уақытта қазақ халқына сіңірген еңбегінің бағасы өлшеусіз екенін баса айтқым келеді, - деді ҚР Мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы.

"Алаш туы астында" фильмі үш бөлімнен тұрады.

"Бүгін шын мәнісінде ерекше оқиға болып отыр. Алаш азаматтарына арналған деректі фильмнің тұсаукесері өтіп жатыр. Осыдан жүз жыл бұрын алаш азаматтары өздерін құрбандыққа шалып, аянбай еңбек еткен. Соны бүгін біз ұмытпай, ұлықтап отырмыз. Көпшілікке белгісіз парақтарды ашайық деп отырмыз," - деді ҚР Мәжіліс Парламентінің депутаты Азат Перуашев.

"Алаш туы астында" атты деректі фильмнің алғашқы көрсетілімі 100 жыл бұрын өткен осы датаға үйлестіріліп отыр.

Фильмді түсіру тобы Алаш қайраткерлерінің ізімен Семейдің Алаш қаласы аталған аумағында, Мәскеудегі Кремль, Санкт-Петербургтегі Дума отырыстары өткен Таврия сарайында, Смольныйда, Санкт-Петербург, Қазан университеттерінде, Уфадағы Мемлекеттік Мәжіліс өткен бұрынғы "Сібір" қонақүйінде түсіру жұмыстарын жүргізген.

"Алаш туы астында" фильмі "Оян, қазақ!", "Жарияланбаған автономия",  "Қатерлі өткел" деп аталатын үш бөлімнен тұрады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар


Материалды әзірлегендер: