Астанада алдағы екі күнде ауа температурасы жылынады

19 қараша, 2018, 12:17 1572 Астана
Астанада алдағы екі күнде ауа температурасы жылынады

Синоптиктер күн -3 градусқа дейін жылынады деп болжауда.

Елордада алдағы екі тәулікте күн жылынады. Синоптиктердің болжауынша, ауа температурасы -3°С болады, деп хабарлайды BNews.kz Астана қаласы әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

19 қарашада қалада құбылмалы ауа райы сақталып, түнде аздаған қар жауады. Көктайғақ күтіледі. Оңтүстіктен, оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы 7-12 м/с құрайды. Ал ауа температурасы түнде шамамен -9-11 °С, күндіз -3...-5 °С. 20 қарашада құбылмалы ауа райы сақталып, күндіз қар жауады. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 9-14 м/с жетеді. Ауа температурасы түнде шамамен -8-10 °С, күндіз -1...-3 °С құрайды.

"21 қарашада құбылмалы ауа райы сақталып, кей жерлерде қар жауады.Оңтүстік-батыстан соғатын желдің жылдамдығы  9-14 м/с, ал күндіз 15-20 м/с жетеді. Сынап бағанасы түнде шамамен -5-7 °С, күндіз -1-3 °С көрсетеді", - деп хабарлады "Қазгидромет" РМК-да.

Бұған дейін хабарлағанымыздай, 19 қарашада Қазақстанның басым бөлігінде антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа райы сақталады, тек республиканың солтүстік, орталық, шығыс және де оңтүстік батыс бөлігінде, атмосфералық фронттардың өтуіне байланысты кей жерлерде қар жауады. Кей жерлерде тұман, көктайғақ болады, жел күшейеді, бұрқасын болады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар