Елордада алдағы үш күнде жылы ауа райы сақталады

15 қаңтар, 2019, 20:10 2137 Астана
Елордада алдағы үш күнде жылы ауа райы сақталады

Синоптиктердің болжамынша жауын-шашын жаумайды.

Алдағы үш күнде қалада жауын-шашынсыз жылы ауа райы сақталады, деп хабарлады Астана әкімдігінің ресми сайты.

"Қазгидрометтің" мәліметінше 16 қаңтарда көшпелі бұлт шығады, жауын-шашынсыз. Түнде тұман түсуі ықтимал. Солтүстіктен соғатын желдің жылдамдығы 2-7 м/с құрайтын болады. Ауа температурасы түнде -10…-12 °С, күндіз -7…-9 °С.

17 қаңтарда күн құбылмалы болады, жауын-шашынсыз. Шығыстан, оңтүстік-шығыстан жылдамдығы 5-10 м/с жел соғады. Сынап бағанасы түнде -13…-15 °С, күндіз -6…-8 °С көрсетпек.

Жұма, 18 қаңтарда да көшпелі бұлт шығады. Қар жаумайды. Оңтүстік-шығыстан жылдамдығы 3-8 м/с құрайтын жел соғады. Ауа температурасы түнде -11…-13 °С, күндіз -3…-5 °С құрайды.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар