Астанада әлемнің үздік сәулетшілері бас қосты

18 шілде, 2018, 17:38 1710 Астана
Астанада әлемнің үздік сәулетшілері бас қосты

Конгресс аясында жас сәулетшілер мен студенттер арасында стартап уикенд форматында өткен "Қалалық орта: "ақылды" аудан" байқауының нәтижелері жарияланды.

Халықаралық деңгейдегі шара Астананың 20 жылдығына арналған және кәсіби тәжірибемен алмасу мен жаһандық тұрғыда жергілікті сәйкестік мәселелерінің шешімін табу арқылы заманауи отандық сәулет өнерін дамыту мақсатында ұйымдастырылған, деп хабарлайды BNews.kz primeminister.kz-ке сілтеме жасап. Конгреске әлемнің 20-дан астам елінен жетекші сәулетшілер, урбанистер мен зерттеушілер қатысты. Конгрестің ашылуында ҚР мәдениет және спорт вице-министрі Ақтоты Райымқұлова сөз сөйледі.

"Біз бүкіл әлем сәулетшілерінің шығармашылығына зор құрмет білдіре отырып, әрдайым жаңа жобаларды қуана күтеміз, еліміз ең әдемі елдердің бірі болуы үшін жұмыс істеуге әрдайым әзірміз. Конгресс әлем сәулетшілері жиналып, өзекті проблемаларды талқылай алатын алаңға айналады деп үміттенеміз", - деді Ақтоты Райымқұлова.

Астана қаласы әкімінің орынбасары Малика Бектұрова өз сөзінде қаладағы "ақылды" жүйе тұрғындар үшін қалай қолайлы болуы керектігі туралы айтып берді.

"Біз алғаш рет сәулетшілер конгресі мен "ақылды" қала бойынша бөлігін Астананың дамудың келесі кезеңіне өткенін көрсету үшін біріктірдік. Бұл жай ғана құрылыстар емес, үй "ақылды" болуы үшін енді біз энергиялық тиімді ғимараттар салып, материалдарды, озық технологияларды пайдаланғымыз келеді. Қала өсіп келе жатыр, оның тиімділігі де арта түсуі тиіс. ТКШ қарастырсақ, көптеген мәселелер бар. Әрине, бірінші мәселе үйдің тозуына қатысты. Бәрі жөнделіп бітпей, смарт шешімдер тиімсіз болып қала бермек", - деді әкімнің орынбасары.

Сонымен қатар, бүгін Конгресс аясында осы жылдың 14–16 шілдесі аралығында жас сәулетшілер мен студенттер арасында стартап уикенд форматында өткен "Қалалық орта: "ақылды" аудан" байқауының нәтижелері жарияланды.
Үш күн бойы, таңертеңнен кешке дейін байқау қатысушылары үш бағыт – қалалық орта үшін инновациялар, урбанистика және жергілікті қоғамдық кеңістікті дамыту, "жасыл" технологиялар енгізу бойынша шешімдер ойлап шығарды. "Ақылды" ауданның орналасқан жері ретінде Астана қаласындағы Жастар шағын ауданы таңдалды. 

Тұрғындар үшін қысқы жылыжай кешендерін жасауды ұсынған "Sredalab" командасы гран-при иеленді. Бұл жобаның ерекшелігі, жылыжайлардың ғимараттардың шатырлары мен қасбеттерінде шыны үйшіктер түрінде салынып, жылу трассалары, күн батареяларын қосу, жел энергиясы арқылы жылытыла алатындығында. Жылыжайдың іске қосылуынан түсетін кірісті идея авторларының ойынша, аудан тұрғындары аула территориясын абаттандыруға немесе балаларға қажетті құралдары сатып алуға бағыттай алады.

Бірінші орынды "Nurcelona" командасы иеленді. Олар қаладағы көлік тұрақтары үшін AirBnB баламасын жасауды ұсынған. Қалалық дренаж жүйелерін ұсынған "RainTech" командасы екінші орынға ие болды. Үшінші орынды "АТ мектебі" командасы алды. Олардың шешімі - мүмкіндігі шектеулі жандар үшін АТ-мектеп құру. Астана әкімінің арнайы сыйлығымен "King Wins" командасы марапатталды.

Astana Innovations басқарма төрағасы Олжас Сартаев жеңімпаздардың өз идеяларын "ақылды" аудан жобасы аясында іске асыруға мүмкіндіктері болатынын айтты.

"Ол "Жастар" шағын ауданында. Бүгінде онда осы үш бағыт бойынша бірнеше технология енгізілген. Жұмыстар жалғасуда. Жылыжай кешендері туралы айтсақ. Оларды іске асыру үшін үш-төрт ай уақыт керек. Біз өз тарапымыздан бағалап, биыл ең болмаса бір жылыжайды шағын ауданға шығаруға тырысамыз. Көлік тұрақтары бойынша жобаларға қатысты. Оны Жастар шағын ауданында басымдықпен іске асырамыз. Бірақ біз бұл ауданмен ғана шектеліп қалмаймыз", - деді Олжас Сартаев.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар