Астанада әлеуметтік азық-түлік жәрмеңкесі өтеді

22 қараша, 2018, 13:05 3063 Астана
Астанада әлеуметтік азық-түлік жәрмеңкесі өтеді

Шараға шамамен 200-ге жуық отандық азық-түлік өндіруші кәсіпорындар қатысады деп жоспарланған.

Астанада әкімдіктің қолдауымен желтоқсанның 8-і мен 31-і аралығында "Биг шанхай" базарында әлеуметтік азық-түлік жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды BNews.kz ЕлордаИнфоға сілтеме жасап.

Онда қала тұрғындары жаңа жыл қарсаңында ет-сүт өнімдерін, жеміс-жидек, көкөніс, макарон мен кондитерлік және өзге де азық-түлік тауарларын төмендетілген бағамен, тікелей өндірушілерден ала алады.

Шараға шамамен 200-ге жуық отандық азық-түлік өндіруші кәсіпорындар қатысады деп жоспарланған.

Айта кетейік, мұндай әлеуметтік жәрмеңке 3 қарашадан - 3 желтоқсанға дейін "Алай" көтерме-бөлшек сауда орталығының ғимаратында  "Алтын күз" атауымен өткізіліп жатыр.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар