Астанада әлеуметтік жәрмеңке өтеді

Написать нам
01 қараша, 2018, 15:33 3250 Астана
Астанада әлеуметтік жәрмеңке өтеді

Ұйымдастырушылар өнімдер бағасының нарықтағы бағалардан 5-10 % төмен болатынын айтты.

"Алай" бөлшек-таратушы орталығының ғимаратында бір ай бойы "Алтын күз" әлеуметтік азық-түлік жәрмеңкесі өтеді, деп хабарлайды BNews.kz астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

Қала тұрғындары мен қонақтары өнімдерді тікелей тауар өндірушілердің өзінен сатып ала алады. Павлодар және Ақмола облысының шаруа қожалықтары жәрмеңкеге ет пен сүт өнімдерін, сондай-ақ жеміс-жидек, көкөніс пен дәнді-дақыл өнімдерін ұсынады. Жәрмеңкеде қой етінің келісі – 1230 теңгеден, жылқы етінің келісі – 1400 теңгеден сатылады деп күтілуде.

Әлеуметтік жәрмеңкеде картоптың бір келісінің құны  55 теңге болады. Қазіргі таңда Павлодар облысынан сатылымға картоптың 150 тоннасы, Ақмола облысынан  сиыр етінің 30 тоннасы, қой етінің 7 тоннасы жеткізілді. Ақмолалық өндірушілер сиыр етінің келісін 1300 теңгеден, қой етінің келісін 1250 теңгеден сатпақ. Бұдан басқа, жәрмеңке қонақтары кондитердік, макарон өнімдері мен бал сатып ала алады. Ұйымдастырушылар, өнімдер бағасының нарықтағы бағалардан 5-10 % төмен болатынын айтады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар