Астанада алғашқы қоғамдық кітап сөрелерінің желісі ашылды - Жаңалықтар | BNews

Астанада алғашқы қоғамдық кітап сөрелерінің желісі ашылды

09 қазан, 09:25 1036 Астана
Астанада алғашқы қоғамдық кітап сөрелерінің желісі ашылды

Елорда халқын кітап оқуға ынталандыру мақсатында «Bolashak Books» кітап сөресі ашылды.

«Хан Шатыр» сауда ойын-сауық кешенінде «Болашақ» қауымдастығының бастамашылығымен «Bolashak Books» жобасының тұсаукесері өтті.

«Bolashak Books» жобасы  –  еліміздің өңірлерінде орнату жоспарланып жатқан, қолданушылардың кең тобына арналған алғашқы қоғамдық кітап шкафтарының желісі.

Жобаның мақсаты – еліміздің азаматтарының арасында кітап оқу мəдениетін қолдап, дамыту. Оның арқасында әрбір адам өз кітабымен бөлісіп, шкафтан кез келген өзіне ұнаған кітапты ала алады.

Жобаның спикерлері ретінде «Болашақ» Қауымдастығы Кеңесінің төрағасы міндетін атқарушы, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты Бақтияр Мәкен, «Grand Prix» жиһаз өндірісінің өкілі Нұрлан Ысқақов, «Астана» Халықаралық қаржы орталығының басқарушы директоры, полиглот, «Болашақ» Қауымдастығының мүшесі Саясат Нұрбек, олимпиада чемпионы, бокс бойынша дүркін әлемдік чемпион, ҚР Парламент Мәжілісінің депутаты, «Болашақ» бағдарламасының түлегі Серік Сәпиев, сондай-ақ әйгілі бизнесмен, «Q3» холдингінің негізін қалаушы және басшысы Қайрат Құдайберген сөз сөйледі.

«Қазіргі заманауи әлемде білімді болу өте маңызды. Дәл осы кітап оқу арқылы біз барлық сұрақтардың жауабын таба аламыз, жаңа білімдермен өзімізді толтырамыз» , - деп атап өтті «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің төрағасы міндетін атқарушы Бақтияр Мəкен:

Спикерлер алғашқылардың бірі болып «Bolashak Books» пилоттық жобасын іске қосып, өздерінің оқыған кітаптарымен бөлісті, сондай-ақ əлеуметтік желілерде эстафета қосылды, онда əрбір адам өз кітабімен бөлісіп, суретпен бірге эстафетаны өз достарына тарата алады.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

`

Серіктестер жаңалықтары