Астанада Алғыс айту күніне арналған бірнеше шара өтеді - Жаңалықтар | BNews

Астанада Алғыс айту күніне арналған бірнеше шара өтеді

27 ақпан, 16:06 939 Астана
Астанада Алғыс айту күніне арналған бірнеше шара өтеді

Алғыс айту күнін мерекелеу құрметіне елорданың мәдениет мекемелерінде бірқатар тақырыптық шара өтеді, деп хабарлайды BNews.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

1 наурызда Қалибек Қуанышбаев атындағы Мемлекеттік академиялық қазақ музыкалық драма театрында "Ғасырдан да ұзақ күн" спектаклі, ал Максим Горький атындағы орыс драма театрында "Курт – драгоценный камень" қойылымы көрермендер назарына ұсынылатын болады. Астананың Қуыршақ театры балалар үйінің тәрбиеленушілері мен көпбалалы отбасылардан шыққан балалар үшін "Лесная сказка о добрых соседях" спектаклінің қайырымдылық көрсетілімін сахналайды. Осы күні Сәкен Сейфуллин атындағы музейде "Жаныңда жүр жақсы адам" тақырыбында кездесу, ал №5 балалар кітапханасында "Тепло казахстанской земли" кеші өтеді.

Сонымен қатар, елордалық кітапханашылар Қарттар үйінде "Құрмет пен ізет құшағында" көшпелі шарасын ұйымдастырады. Ал "АЛЖИР" мұражайына келушілер мерекеге орай ұйымдастырылған арнайы көрмені тамашалай алады.

Бұдан бөлек, Астанада Алғыс айту күніне орай 2 концерт өтеді. 1 наурызда Бейбітшілік және келісім сарайында "Мың алғыс" концерті, ал 3 наурызда "Жастар" сарайында "Один народ – одна семья" концерті көрермендер назарына ұсынылады.

Алғыс айту күні Қазақстанда 1 наурызда аталып өтіледі. Бұл мереке Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың Жарлығымен 2016 жылы бекітіліп, Қазақстан халқы Ассамблеясының құрылған күніне орайластырылған.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары