Астанада Әмина Өмірзақованы еске алу кеші өтті

15 қаңтар, 2019, 19:23 2137 Астана
Астанада Әмина Өмірзақованы еске алу кеші өтті

Оның 100 жылдық  мерейтойы ЮНЕСКО көлемінде аталып өтетін болады.

Қазақстан Республикасы Ұлттық академиялық кітапханасында Қазақстанның халық әртісі, Мемлекеттік сыйлықтың лауреаты Әмина Өмірзақованың 100 жылдық мерейтойына орай "Қазақ киносының анасы" атты еске алу кеші өтті деп хабарлады baq.kz.

"Әмина Өмірзақова - қазақ өнерінің өркениетінің және мәдениетінің бір бөлшегі. Мұндай тұлғаларды ұлықтау, оларды еске алу, өмірін және өнерін халыққа жеткізу өте жақсы шара деп есептеймін.  Әмина Өмірзақованың 100 жылдық мерейтойы тек Қазақстанда ғана емес, бүкіл ЮНЕСКО көлемінде аталатын болады. Ал ол кісінің өнерін білмейтін қазақ көрермені жоқ шығар. Себебі бұл тұлға "қазақ киносының анасы" деген атқа ие болған. Қазақ киносындағы "ана" бейнесі, "әйел" бейнесі дегенде Әмина Өмірзақов еріксіз есімізге түседі. Кино әлеміндегі Әмина Өмірзақованың орны ерекше", - деді Қазақстан кинематографистер Одағының мүшесі, кинотанушы Назира Мукушева.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!



Читайте также


Ұқсас жаңалықтар