Астанада ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланады - Жаңалықтар | BNews

Астанада ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланады

03 наурыз, 16:05 290 Астана
Астанада ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланады

6-7 наурыз күндері Астанада желдің екіпіні күшеюіне байланысты дабылды ескерту жарияланады, деп хабарлады елорда әкімдігінің ресми сайты.

Астанада 6-7 наурызда жауын-шашынды (қар, жаңбыр), көктайғақ, бұрқасын болып, желдің екпіні 15-20 м/с, ал түнде 7 наурызда жел екпіні 25 м/с  жетеді деп күтілуде.

6-7 наурызда Ақмола, Павлодар, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында жауын-шашын (қар, жаңбыр), күндіз 6 наурызда кей жерлерде қатты жауын-шашын күтіледі. Республиканың кей өңірінде көктайғақ, бұрқасын, тұман болады. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-батысқа, күші 15-20 м/с, екпіні 23-28 м/с, күндіз 6 наурызда, 7 наурызда тәулік бойы кей жерлерде 30 м/с жетуі мүмкін. Ауа температурасы күндіз 0-5 градусқа дейін жылынса, Шығыс Қазақстан облысында 3-8 градуске дейін жылынады.

Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90%.

Ұқсас жаңалықтар