Астанада ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланды - Жаңалықтар | BNews

Астанада ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланды

24 наурыз, 16:44 2344 Астана
Астанада ауа райына байланысты дабылды ескерту жарияланды

25 наурызда қатты жауын-шашын, тұман мен көктайғақ болады деп күтілуде.

25 наурызда елордада дабылды ескерту жарияланды, деп хабарлайды  BNews.kz Астана әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

"25 наурызда күндіз кей уақыттарда Астанада қатты жауын-шашын, тұман, көктайғақ, бұрқасын болуы мүмкін. Дабылды ескертудің ықтималдылығы 90-95 %", -делінген хабарламада. 

Дабылды ескерту, сондай-ақ, Ақмола облысында да жарияланды. 

Синоптиктердің мәліметінше, 25 наурызда облыс аумағында қатты жауын-шашын жауады деп болжануда. 25 наурызда тәулік бойы жаяу бұрқасын болып, тұман түсіп, көктайғақ болады деп күтілуде. Оңтүстік-батыстан соққан жел солтүстік-шығысқа ауып, кей жерлерде оның күші 15-20 м/с жетпек.

Ұқсас жаңалықтар

`