Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты төтенше жағдай жарияланды - Жаңалықтар | BNews

Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты төтенше жағдай жарияланды

11 қаңтар, 12:43 1859 Астана
Астанада ауа райының қолайсыздығына байланысты төтенше жағдай жарияланды

Табиғи жағдайдың күрт өзгеруіне байланысты, Астана қаласының әкімі Әсет Исекешевтің шешімімен табиғи сипаттағы төтенше жағдай жарияланды, деп хабарлайды BNews.kz қала әкімінің ресми сайтына сілтеме жасап. 

«Хабарламада «Өрт сөндіру қызметі, жедел медициналық жәрдем, Астана қаласының ІІД, ТЖД, коммуналдық қызметтер сияқты қала тіршілігін қамтамасыз ету мекемелерінен өзге мемлекеттік органдар, білім беру мекемелері, кәсіпкерлік (базарлар, СОСО) және құрылыс нысандарының басшыларына қызметті уақытша тоқтатуды ұсынамыз», - делінген. 

Осыған дейін қала әкімшілігі тұрғындар мен қала қонақтарын ауа райына байланысты абай болуға шақырған еді.

Біздің Telegram-парақшамызда Қазақстанның маңызды жаңалықтары. Жазылыңыздар!

Ұқсас жаңалықтар

`

Серіктестер жаңалықтары